жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Банк картасын алаяқтарға берген":Алматыда дропперлік әрекетке қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалды

"Банк картасын алаяқтарға берген":Алматыда дропперлік әрекетке қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Фото: ІІМ
Қазір Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр

Алматы облысында дропперлік әрекетке қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыс прокуратурасының мәліметінше, жаңа енгізілген 232-1-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынына қатысты басталған.

Тергеу дерегі бойынша әйел OLX платформасында жарияланған «онлайн-төлемдер операторы» туралы жалған хабарландыруға алданып, өзінің банк картасын алаяқтардың пайдалануына берген.

— Қыркүйектен бастап оның шотына 2 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Оның 5 пайызын әйел «комиссия» ретінде алып отырған. Қалған қаражатты алаяқтардың есепшотына аударған, — деп хабарлады ведомство.

Прокуратура мұны алаяқтардың кең тараған әдісі екенін ескертті. Қылмыскерлер ұрланған қаражатты өткізу үшін өз реквизитін пайдалануға дайын адамдарды әдейі іздейді. Енді заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мұндай дропперлер де, олардың әрекетін ұйымдастырушылар да қатаң жауапкершілікке тартылады. Бұл заң 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Енді мұндай әрекет үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Ведомство тұрғындарға банк карталарын, ПИН-кодтарын және онлайн банк құпиясөзін өзге адамға бермеу керегін ескертті.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар