жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түлек атанған студенттердің МӘМС-тегі мәртебесін сақтау жолы қандай

Түлек атанған студенттердің МӘМС-тегі мәртебесін сақтау жолы қандай
Фото - ашық дереккөз
Жиын соңында студенттер спикерге толғандырған сұрақтарын қойып, МӘМС жүйесі шеңберінде қандай медициналық көмектер алуға болатынын білді

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау бөлімінің басшысы Дәурен Бурханов облыс ортылығындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттерімен кездесіп, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының жұмысы туралы кеңінен түсіндіріп, МӘМС жүйесі жайлы студент жастар нені білу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 
«МӘМС туралы» Заңына (26-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы) сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар мемлекет есебінен сақтандырылған және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.
Тіпті күндізгі бөлімде оқитын мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс істейтін студенттері үшін МӘМС – ке аударымдар мен жарналар ұсталмайды.
 Сондай-ақ, шетелде оқитын студенттер eGov порталында («Шетелде оқитын студенттер») тіркелуі қажет. Сол кезде олар да МӘМС жүйесінен босатылады.
Алайда студент оқуын аяқтаған соң Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аударуға міндеттеледі. 
Жиын соңында студенттер спикерге толғандырған сұрақтарын қойып, МӘМС жүйесі шеңберінде қандай медициналық көмектер алуға болатынын білді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар