Биыл елімізде 6 жаңа ақылы учаскені енгізу жоспарлануда
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:20
- 66
Қазіргі таңда ел аумағында жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді. 15 учаскеде жарықтар мен ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Биыл қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарлануда», - деді Дархан Иманашев.
Брифинг барысында Дархан Иманашев биылғы су тасқыны маусымын жол қызметі алдын ала дайындық жұмыстарының арқасында абыроймен алып шыққанын айтты. 2026 жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық автожолдарда 5 су алу фактісі ғана тіркелді. Осыдан екі жыл бұрын 178 су алу фактісі тіркелген болатын. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1000 бірлік техника және 1900 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 15 мың суөткізгіш құбырлар тазартылып, 86 мың текше метр инертті материал әзірленді.





