сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді

Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жетісу облысының Ескелді ауданында ірі көлемдегі мал ұрлығы дерегі тіркелді. 13 сәуір күні аудан тұрғыны полицияға арызданған. Оның айтуынша, жайылымда жүрген 81 бас асыл тұқымды ірі қараның 39-ы жоғалып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 46 миллион теңгеден асқан.

Арыз түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын бастап кетті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы анықтала бастады. Күдік 17 жыл бойы осы малды бағып келген 45 жастағы бақташыға түсті.

Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтың қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ал, жоғалған барлық мал өз иесіне толықтай қайтарылған. 

Тәртіп сақшылары тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Әсіресе, жеке мүлікті бақылауды күшейтіп, күмәнді жағдайларды дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін ескертеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар