сейсенбі, 10 наурыз, 2026 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды
Pixabay.com
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы - қыз бала елге қайтарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілді. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылды. Қажетті құжаттар рәсімделіп, барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды.

"Қазіргі уақытта қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетілуде. Сондай-ақ, бүгінде баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылуда.

Баланың құқықтарын, қауіпсіздігін және жеке өмірінің құпиялығын қорғау мақсатында оның дербес деректері мен оқиғаға қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әрбір баланың құқығы мен заңды мүддесі ел ішінде де, шетелде де мемлекеттің қорғауында.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар