сейсенбі, 17 ақпан, 2026 3:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды
Фото - ашық дереккөз
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған. Ресурс қазақстандықтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін түсінікті әрі қолжетімді ақпарат алаңы ретінде әзірленді.

referendum2026.kz сайтында Негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды. Сонымен қатар мұнда өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және Коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Платформаның құрылымы пайдаланушыларға ондағы мәліметтерді оңай бағдарлап, алдағы дауыс беруге қатысты сұрақтарына жауап табуға ыңғайлы етіп жасалған.

Ақпаратты қабылдаудың қолайлылығына айрықша көңіл бөлініп, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған бейімделген нұсқа және бет параметрлерін өз қалауынша өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

Түсіндіру материалдарынан бөлек, сайтта Конституцияның мәні мен оның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек ұғынуға көмектесетін тақырыптық материалдар, видеоконтент және интерактивті форматтар ұсынылған.

Сайт ұсынылып отырған реформалардың мәнін жан-жақты түсініп, саналы шешім қабылдағысы келетін барлық азаматқа сенімді әрі тексерілген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл ресурстың іске қосылуы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жүйелі жұмысының жалғасы болды. Оның құрамына жетекші саяси партиялардың өкілдері мен жүздеген қоғамдық ұйымдар кірді. Бірлестіктің жұмысы қазірдің өзінде еліміздің барлық өңірінде қызу жүріп жатыр. Ол Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаларын түсіндіруге және қоғамның бұл іске белсенді араласуына бағытталған кездесулер мен ашық диалог алаңдары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар