Жамбылдықтар ұлттық өнерді Үндістан сахнасында насихаттады
- авторМағжан Орынбасар
- 16 ақпан, 2026
- 69
1–10 ақпан аралығында Үндістан Республикасының Харьяна штаты, Сураджкунд қаласында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының халықаралық конкурстардың лауреаты «Ақкербез» би ансамблі «Ән мен бидің керуені – Үндістанда!» атты халықаралық концерттік бағдарламасын ұсынды. Іс-сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы шақыртуымен, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жобаның мақсаты – қазақтың ұлттық ән және би өнерін халықаралық сахнада насихаттау, Үндістан көрерменіне халқымыздың бай мәдени мұрасын таныстыру, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту. Бағдарлама аясында шығармашылық байланыс орнатылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. Бұл бастама жастар арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға да серпін берді.
Іс-шараға балетмейстер, Мәдениет саласының үздігі - Айжан Қонарбаева, Динара Маханова және Динара Диханбаева қатысты. Аталған мәдени жоба – ұлттық өнерімізді әлемдік деңгейде танытып, елдер арасындағы рухани байланысты тереңдете түскен маңызды қадам.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026
Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қаңтар, 2026






