Оқиға орнына жоғары өтімді техникамен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде шықты
Абай облысы Аршалы ауылынан 35 шақырым жерде дала жолында жеңіл автокөлік лайға батып қалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кеше кешкі уақытта «112» пультіне Жарма ауданында, Аршалы ауылынан 35 шақырым жерде дала жолында жеңіл автокөлік лайға батып, ішінде 4 адамның қалғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына жоғары өтімді техникамен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде шықты. Лай жолмен ондаған шақырым жүріп өткен құтқарушылар көлік пен адамдарды тауып алды.
Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында автокөлік қауіпсіз жерге сүйреп шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Келесі мақала





