Ұлттық банк зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қойылатын талаптарды қатаңдатпақ
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:40
- 68
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттары қатаңдауы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банк жеткілікті шекті мөлшерді ұлғайтуды қарастырып жатыр.
Реттеуші бұл бастаманы болашақта зейнетақы төлемдерінің көлемі азайып кетпеуі үшін қажет қадам деп түсіндіреді.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәліметінше, 2025 жылы зейнетақы активтері 12 пайызға артып, 25,1 триллион теңгеге жеткен. Ал инвестициялық табыс көлемі 1,8 триллион теңгені құрады.
Оның айтуынша, биыл ұзақмерзімді кірістілікті арттыру мақсатында акциялар мен баламалы инвестициялық құралдар секілді табысы жоғары активтердің үлесін көбейту жоспарланып отыр.
"Сонымен қатар болашақта зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін табысты алмастыру коэффициентін арттыру қажет. Бұл зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шегін қатаңдатуды талап етеді", – деді Тимур Сүлейменов.






