жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәжіліс ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

Мәжіліс ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды
Canva
Бұған дейін хабарланғандай, елімізде бір миллионнан астам азамат ең төменгі немесе одан да аз жалақы алады.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Талқылау барысында Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру ұсынылды.

Комитеттің мәліметінше, Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті бұл көрсеткішті 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту қажет деп санайды.

Бұған дейін хабарланғандай, елімізде бір миллионнан астам азамат ең төменгі немесе одан да аз жалақы алады.

Айта кетсек, жуырда Сенат «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы» (№131) халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы заңды мақұлдаған болатын.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар