"Сыбайлас жемқорлық пен азаптауға жол жоқ": Жеке құраммен түсіндірме жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қазан, 2025
- 330
№58 мекемесінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаптаудың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыптарында кең ауқымды түсіндірме жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараны мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобы мен өзіндік қауіпсіздік бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықбұзушылықтардың құқықтық және қызметтік салдары, кәсіби этика нормаларын сақтау маңыздылығы, сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде заң талаптарын бұлжытпай орындау қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу бағытында нақты мысалдар келтіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Мұндай алдын алу шаралары жеке құрам арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тұрақты жұмыстың бір бөлігі.






