жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Пафостың" қақпасына мүлде гол саға алмаған "Қайрат" қомақты табысқа кенелді

"Пафостың" қақпасына мүлде гол саға алмаған "Қайрат" қомақты табысқа кенелді
ФК "Қайрат"
Чемпиондар лигасының үшінші турындағы матч Алматының Орталық стадионында өтті.

«Қайрат» өз алаңында өткен ойында кипрлік «Пафоспен» тең түсті. Есеп – 0:0. Бұл нәтиже алматылық командаға турнирдегі алғашқы ұпаймен қатар, айтарлықтай қаржылай сыйақы да алып келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Матчтағы тең ойын үшін клубқа 700 мың еуро, яғни шамамен 438 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. Ал егер жеңіс олардың жағында болғанда, табыс көлемі үш есеге өсіп, 2,1 миллион еуроға (1,3 миллиард теңгеге жуық) жетер еді.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін бұған дейін-ақ 18,62 миллион еуро (шамамен 11,6 миллиард теңге) көлемінде кепіл табысқа ие болған еді.

Кездесуде алматылықтар бірнеше рет гол соғуға мүмкіндік алғанымен, ол соққылар өтпей қалды. Команданың есебін сақтап қалған басты қаһарман – қақпашы Темірлан Анарбеков. Ол бірнеше қауіпті сәтте қарсыластың соққысын кері қайтарып, командасын сенімді қорғады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар