жұма, 1 мамыр, 2026 15:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Қазақстан халқының бірлігі күні”: Таразда мерекелік шара өтті

“Қазақстан халқының бірлігі күні”: Таразда мерекелік шара өтті
Алтынбек Қартабай
Сонымен қатар концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды

Таразда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Осыған орай «Көне-Тараз» этномәдени кешеніндегі Достық үйінің алаңында мерекелік шара өтті. 

 

Түрлі этнос өкілдері бас қосқан жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, қала әкімі Бақытжан Орынбеков, үкіметтік емес ұйымдар мен қала тұрғындары қатысты. 

 

Салтанатты шарада Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, ел бірлігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттады. 

 

Жалпы алаңда әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтары жинақталған көрме ұйымдастырылған. Сонымен қатар тараздықтар ұлттық спорт түрлерінен жарыстарда бақ сынады. 

 

Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар