жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Несиесі барларға жеңілдік: жаңа ереже күшіне енеді

Несиесі барларға жеңілдік: жаңа ереже күшіне енеді
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді

2025 жылдың 31 тамызынан бастап Қазақстанда қарызды мерзімінен бұрын өтеуге байланысты жаңа заң қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар енді кредитті кез келген уақытта айыппұлсыз мерзімінен бұрын төлей алады. Бұл норма бұрын жасалған келісімшарттарға да қолданылады.

Алайда, заң күшіне енгенге дейін төленген айыппұлдар мен айыпақылар қайтарылмайды.

Енді мерзімінен бұрын төлем жасағаны үшін айыппұл тек заңды тұлғаларға қатысты ғана қолданылатын болады.

Агенттік бұл өзгеріс азаматтарға борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар