жексенбі, 22 наурыз, 2026 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Фото: Үкімет
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың арқауы, ізгілік атаулының береке-бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл қазақ елі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдап, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Жаңғырудың жарқын нышанына айналған жаңа Конституциямыз ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, қастерлі Тәуелсіздігімізбен бірге жасай бермек.

Ұлыстың ұлы күні бірлігі бекем халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, бейбіт өмір мен еңселі елдік жолындағы арман-мұратына жеткізсін. Жаңарған жыл жұртымыз үшін жасампаз істерге, толайым табысқа толы болсын. Әз-Наурызда әр шаңырақ құт-берекеге бөленіп, ырзық-несібеге кенелсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар