жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанай облысында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

Қостанай облысында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет отырысында өңірдегі жұмыспен қамту бағытындағы шаралар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, облыс бойынша кемінде 43 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Қазірдің өзінде 22 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Биыл облыста кемінде 20 мың жұмыс орнын ашу көзделген, оның ішінде қазіргі таңда шамамен 9 мың жұмыс орны ашылды. Жылдың аяғына дейін жоспарлы көрсеткіштер орындалатын болады», – деді облыс басшысы.

Бүгінде Қостанай облысында 68 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олар 164 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – облыстың экономикалық белсенді халқының үштен бірінен астамы. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5 мың адамға немесе 3,2%-ға өскен. Мұндай өсім мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мүмкін болды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар