бейсенбі, 16 сәуір, 2026 1:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Отандық кәсіпорын құс саңғырығынан 15 млн киловатт-сағат электр энергиясын өндірді

Отандық кәсіпорын құс саңғырығынан 15 млн киловатт-сағат электр энергиясын өндірді
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық агрокәсіпорындар өндіріс қалдықтарын тұрақты табыс көзіне айналдырып, «жасыл» энергетика технологияларын жыл сайын сенімді игеріп келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биогаз жобалары тек экологиялық шешім ғана емес, сонымен қатар агробизнесті дамытудың экономикалық тұрғыдан тиімді бағытына айналуда.

Оған айқын дәлер ретінде 2018 жылы құс фабрикасының қалдықтарын өңдеп, биогаз алу жүйесі сәтті енгізген «Агрофирма Курма» серіктестігін атауға болады. Нәтижесінде электр және жылу энергиясы, сондай-ақ биотыңайтқыштар шығарылуда.

Инвестициялық жобаның жалпы құны 573 млн теңге.

Қазіргі уақытта биогаз станциясы тәулігіне 150 тоннаға дейін тауық саңғырығын өңдейді. Осы үдеріс барысында метан мөлшері 65% болатын 22–23 мың м³ биогаз өндіріледі. Электр энергиясының өндірісі сағатына 600 кВт-қа жетсе, органикалық тыңайтқыштар көлемі тәулігіне 20 тоннаға дейін жетеді.

Технологияның негізгі көзі - құс шаруашылығынан шығатын органикалық қалдықтарды қайта өңдеу. Ферментация процесі кезінде түзілген биогаз электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Сонымен қатар кәсіпорын егістіктерінде қолданылатын органикалық тыңайтқыштар шығарылады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, өндірістік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Станция жұмыс істеген уақыт ішінде 15 млн киловатт-сағат электр энергиясы өндірілді. Кәсіпорын жыл сайын 100-190 млн теңге көлемінде табыс табады.

Осы ретте «Агрофирма Курма» тәжірибесі қалдықтарды тиімді өңдеу арқылы тұрақты бизнес-модельге айналдыруға болатындығының жарқын көрінісі. Биогаз аграршыларға қосымша табыс көздерін ашумен қатар Қазақстанда экологиялық бағыттағы ауыл шаруашылығын дамытуға да ықпал етеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар