бейсенбі, 16 сәуір, 2026 2:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде жаңа саяси партия құрылмақ

Елімізде жаңа саяси партия құрылмақ
Фото: informburo.kz
Инициативалық топ 16 сәуірде Әділет министрлігіне партияны тіркеу рәсімін бастау туралы өтініш беруді жоспарлап отыр.

Алдағы Құрылтай сайлауы қарсаңында елде жаңа саяси партия құрылмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа партия өз қызметін Конституция қағидаттарына негіздеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» идеясын іске асыруды басты мақсат етіп отыр.

Бастамашылардың мәлімдеуінше, ұйым өзін реформаларды қолдайтын, заң үстемдігін күшейтуді көздейтін және қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысуын арттыруға бағытталған саяси күш ретінде ұсынады.

Партия қызметінде бірнеше негізгі бағытқа ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыру, сот және құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, сондай-ақ экономикалық әділдік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету көзделген.

Инициативалық топ 16 сәуірде Әділет министрлігіне партияны тіркеу рәсімін бастау туралы өтініш беруді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта құрылтай съезін өткізу де күн тәртібінде тұр.

Жаңа партия құру туралы бастамаға қол қойғандардың қатарында Гүлзира Атабаева, Ренат Бектуров, Қарлығаш Жаманқұлова, Динара Зәкиева, Рауан Кенжеханұлы, Лаура Қарабасова, Андрей Лаврентьев, Нұрбек Матжани, Марат Шибутов, Ләззат Шыңғысбаева және басқа да қоғам өкілдері бар.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар