бейсенбі, 2 сәуір, 2026 19:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сенатор жол қозғалысы ережесін бұзушыларға бақылауды күшейтуді ұсынды

Сенатор жол қозғалысы ережесін бұзушыларға бақылауды күшейтуді ұсынды
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл тәсіл жүргізушілердің бүкіл жол бойында тәртіп сақтауына ықпал етеді.

Сенатор Марат Қожаев Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін тұрақты түрде бұзу кең таралған құбылысқа айналғанын айтып, бұл мәселе кешенді әрі қатаң шараларды қажет ететінін жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Депутаттың айтуынша, жуырда орын алған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғалары осы мәселенің өзектілігін тағы да айқындай түскен. Оның пікірінше, кейбір жүргізушілер әкімшілік айыппұлдарды елеулі жаза ретінде қабылдамайды.

–Бұл жағдай қауіпті мінез-құлықты қалыптастырады, яғни жүйелі түрде тәртіп бұзушы ісі ауыр, қайтымсыз салдарға әкеп соқтырмайынша көлік жүргізуді жалғастыра береді, – деді сенатор Сенат отырысында.

Осыған байланысты Марат Қожаев жолдағы жылдамдықты бақылау жүйесін жетілдіру қажеттігін көтерді. Оның айтуынша, тек бір нүктеде орнатылған камералар жеткілікті нәтиже бермейді, өйткені жүргізушілер тек сол жерден өткенде ғана жылдамдықты азайтады.

Сондықтан сенатор елді мекендерде орташа жылдамдықты бақылау тетігін енгізуді ұсынды. Бұл тәсіл жүргізушілердің бүкіл жол бойында тәртіп сақтауына ықпал етеді.

Сонымен қатар ол жазалау шараларымен қатар, заңға бағынатын жүргізушілерді ынталандыру жүйесін дамыту маңызды екенін атап өтті. Атап айтқанда, тәртіп бұзбайтын азаматтарға сақтандыру құнын төмендету, түрлі сервистік қызметтерге жеңілдіктер беру секілді тетіктер қарастырылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, сенатор жол ережесін үнемі бұзатын жүргізушілерге қатысты қауіп деңгейіне қарай сараланған жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігін де ұсынды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар