Арал теңізін қалпына келтіру үшін жаңа өсімдіктер егілуде
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:24
- 23
2026 жылы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның ғылыми қызметкерлерімен және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандарының қатысуымен кеңес өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары және ғылыми қызметкерлердің атқарып жатқан зерттеулері жайлы мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚазҒЗИАҒШ-ның Алматы филиалына бірқатар тапсырмалар берілді. Арал теңізінің құрғаған табанында отырғызу материалдарын өсіру фитолесомелиорациялық екпелерді құру бойынша жұмыстар бақылауда болуды назарға алу тапсырылды.
Сонымен қатар, аталған бағытта жаңа технологиялар мен әдістерді зерттеу және оларды тәжірибеде қолдану бойынша жұмыстар жалғасын табады.






