жұма, 27 ақпан, 2026 4:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сербия Президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар