жұма, 27 ақпан, 2026 4:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығы ашылды

Шымкентте Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығы ашылды
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласында Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа дипломатиялық өкілдік Шымкент қаласында, сондай-ақ, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қызмет көрсететін болады.

Іс-шараға Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрик Де Майер, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, дипломатиялық корпустың және іскерлік ортаның өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген қала әкімі Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Шымкент Қазақстандағы үш ірі мегаполистің бірі ретінде өнеркәсіптік, инвестициялық және логистикалық әлеуетке ие екеніне, бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік беретініне тоқталып өтті.

Мегаполис басшысы Еуропа мемлекеттерімен серіктестікті дамыту халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ, консулдық қызметі сауда-экономикалық байланыстарға серпін беріп, инвестициялар тартуға және іскерлік қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар