дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 11:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шортандыда із-түзсіз кеткен азамат аман-есен табылды

Шортандыда із-түзсіз кеткен азамат аман-есен табылды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола облысының Шортанды ауданында күндіз 1946 жылы туған ер адамның жылқы іздеуге шығып, кейін жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кешке ол ауылдасына хабарласып, көлігінің батпаққа батып қалғанын және әрі қарай қозғала алмай отырғанын жеткізген.

Көмекке жедел түрде Шортанды және Ақкөл аудандарының ТЖД құтқарушылары жол талғамайтын техникамен жіберілді.

Іздеу жұмыстары барысында ер адам Еңбек пен Егемен ауылдарының арасынан табылды. Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетіп, көлігін батпақтан шығарып, үйіне дейін жеткізді.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар