Елімізде
Құтқарушылар лайға батып қалған көліктен 4 адамды эвакуациялады
- авторБақытжан Бекболат
- 26 наурыз, 2026
- 77
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Шолақ көлі маңында төрт ер адам, оның ішінде бір бала, жеңіл автокөлікпен терең қар мен батпаққа батып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көктемде қар еріп, жолдар жүруге қиын учаскелерге айналып, өздігінен шығу әрекеттері сәтсіз болды.
Жедел келген құтқарушылар қарлы-батпақты учаскелерді еңсеріп, көлікті тауып, ішіндегі адамдарды эвакуациялады. Оларды ең жақын елді мекенге жеткізіп, одан әрі жолдарын жалғастыруына мүмкіндік берді.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Елімізде 160 тонна қымбат металл контрабандасы тоқтатылды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 наурыз, 2026






