дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 16:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңаөзендегі тойлардың бірінде жар-жардың орнына Құран сүрелері қосылған

Жаңаөзендегі тойлардың бірінде жар-жардың орнына Құран сүрелері қосылған
Сурет: видеодан скриншот
Жаңаөзендік жас жұбайлар тойында дәстүрден гөрі дінге мән берген

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазба қоғамда қызу талқыға түсті. Көңілі жарасқан жұп тойларын ерекше  өткізгісі келген. Әзілкеш Нұрлыбай Жұмағалиев  өз парақшасында жариялаған постында той үстінде шам намазы оқылғанын айтты, деп жазады jambylinfo.kz.

Күні кеше Жаңаөзенде болған тойдың бейнежазбасы әлеуметтік желіні кезді. Бұл жай той емес, мұнда дәстүрден гөрі дінге ерекше мән берілген. Жас жұбайлар шыққан уақытта құран сүрелері оқылып, тіпті той үстінде ер мен әйелдер қос залға бөлініп, шам намазын қаза қылмаған. Тойды жүргізген асабалар да мұндайды бірінші рет көргенін айтқан. 

"Ерлер бөлек, әйелдер бөлек отырды, өте керемет той болды. Тойды досым екеуміз басқардық, халық риза болып кетті, ұстаздарымыз да алғысын айтты. Ислам деген ініміз отау құрды",- деп жазды Нұрлыбай Жұмағалиев. 

Бейнежазба желіде кеңінен таралды. Тиісінше, жазылған пікір де сан алуан. Бірі мұның дұрыс еместігін айтса, бірі жас жұбайларға бақыт тіледі. 

«Алған қатыны қайтыс болған»,  «Тойда бұлай жасау қате. Тойда намаз оқу – артық», «Әр нәрсе орнымен болуы керек» «Тойды осылай жасау керек. Жастар бақытты болсын» деп жазды желі қолданушылары.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар