дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 14:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Тараздағы барлық демалыс орындарында су ішетін субұрқақтар салынбақ

Биыл Тараздағы барлық демалыс орындарында су ішетін субұрқақтар салынбақ
Сурет: jambylinfo.kz
Қала әкімінің халықпен кездесулерінде бұл мәселе жиі көтерілген

Бүгін республикалық акция аясында өткен көшет егу рәсімінде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков биыл шаһардың барлық демалыс орындарында тұрғындар су ішетін субұрқақтар салу жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Қала әкімінің айтуынша, бұл мәселе жергілікті жұрт тарапынан жиі көтерілген. Мәселені назарға алған әкімдік халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін биыл Тараздағы барлық демалыс орындарында субұрқақ салмақ. Мұнда тіршілік нәрі тегіс жұртқа қолжетімді болады. Ал, аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев облыста 53 субұрқақ барын айтты.

"Облысымызда қазір 53 субұрқақ бар екен. Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өтіп жатқан республикалық акция аясында облыстағы осы субұрқақтар жөнделіп, қалпына келтіріліп жатыр",- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар