дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 14:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы ең үлкен саябаққа республикалық тазалық акциясы аясында тал көшеттері егілді

Тараздағы ең үлкен саябаққа республикалық тазалық акциясы аясында тал көшеттері егілді
Сурет: jambylinfo.kz
Биыл «Ұлы дала» шағын ауданында 5000-нан аса көшет отырғызу жоспарланған

Бүгін Таразда Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық шара өтті. Іс-шара барысында шаһардағы ең үлкен саябақта 3600 көшет егілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Іс-шарада аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жергілікті жұртпен бірге тал көшеттерін екті. Игі іске қала жастары да атсалысты. Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың сөзінше, қазір шаһар тазалығын сақтауға тұрғындар да бей-жай қарамай, сенбілікке қатысқан. Ал, «Ұлы дала» шағын ауданында бой көтерген шаһардағы ең үлкен саябақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл мұнда 8-9 түрлі  5000-нан аса тал көшеттері отырғызылмақ. 

"Бұл жерде жол жиегіне теректер егіліп жатыр. Жоспарға сәйкес, әр аумаққа бөртегүл, кәусар, үйеңкі, жеміс ағаштарын отырғызылуда. Биыл біз кәусар гүлін Тараз қаласының символы ретінде енгізіп отырмыз. Сол үшін барлық жобаларда, скверлерде, көшелерде кәусар гүлін егуді жоспарлап отырмыз", - деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев биыл Жамбылда тазалық-санитарлық шараларды өткізуге 10 миллиардқа жуық қаржы бөлінгенін айтты. Нәтижесінде бүгінге дейін 3 мыңға жуық көше тазаланған. 

"Абаттандыру санитарлық-тазалық шарасына бөлінетін қаражат 35 пайызға арттырып жатырмыз. Бұл 9,4 миллиард теңге. Әрине, бұл қаржыны үнемді жаратып, нақты нәтижесін көрсетеміз. Сол себептен бұл үлкен бастама акциясы. Сол себепті жыл сайынғы дәстүрге  айналады деп сенемін",- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар