Әлемде
АҚШ-тың атақты тау шаңғышысы Италиядағы Олимпиадада ауыр жарақат алды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 08:59
- 63
Оқиғадан соң жарыс уақытша тоқтатылып, Линдси Вонн тікұшақпен трассадан эвакуацияланды.
АҚШ-тың олимпиада чемпионы, тау шаңғы спортының супер жұлдызы атанған 41 жастағы Линдси Вонн Кортина-д’Ампеццода өткен жылдамдықпен түсу жарысы кезінде құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
Жарыстың басында ол қолымен жалаушаға ілініп қалып, тепе-теңдік сақтай алмай құлаған. Спортшы ауырсынғаннан кейін еңіске жата кетіп, қатты айқайлаған.
Оқиғадан соң жарыс уақытша тоқтатылып, Линдси Вонн тікұшақпен трассадан эвакуацияланды. Кортина-д’Ампеццодағы жарысты оның әпкесі мен әкесі де тамашалап отырған.
Келесі мақала






