дүйсенбі, 9 ақпан, 2026 13:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Еуразияның негізгі логистикалық хабының рөлін нығайтуда

Қазақстан Еуразияның негізгі логистикалық хабының рөлін нығайтуда
ҚТЖ
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Былтыр Қазақстанның көлік саласы еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі дамуды жалғастырды. Аталған бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдар көлемі 36,9 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 6,6%-ға артық. Транзит көлемінің артуы – көліктің барлық түрін кешенді дамытудың, сондай-ақ логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстың нәтижесі, - делінген хабарламада. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар