БҰҰ-дағы текетірес: АҚШ пен Қытай Украина мәселесіне байланысты дауласып қалды
- авторАрайлы Жақсылық
- 27 шілде, 2025
- 1.1k
Вашингтон Пекинді Ресейге көмектесіп жатыр деп айыптаса, Қытай бұл мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі ArbatMedia-ға сілтеме жасап.
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы уақытша өкілі Дороти Ши Қытайдың Ресей агрессиясына жанама түрде ықпал етіп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Пекин экспортқа қатаң бақылау жүргізіп отырғанын айтқанына қарамастан, ресейлік дрондар мен қару-жарақтардан әлі де қытайлық бөлшектер табылып жатыр.
Қытай тарапынан жауап берген Гэн Шуан Пекиннің қақтығысқа қатысы жоқ екенін және ешбір тарапқа өлімге әкелетін қару-жарақ жеткізбегенін кесіп айтты.
— Біз АҚШ-ты Украина дағдарысына қатысты жауапкершіліктен жалтарып, басқаларды кінәлауды доғаруға шақырамыз. Оның орнына, Вашингтон атысты тоқтатып, бейбіт келіссөздерге ықпал етуде сындарлы рөл атқаруы тиіс, — деді Қытайдың өкілі.
Бұл текетірес екі алпауыт державаның Украина мәселесіне қатысты ұстанымдарының түбегейлі айырмашылығын тағы да айқын көрсетті.






