жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қорғаныс Министрлігі: Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда

Қорғаныс Министрлігі: Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда
ҚР Қорғаныс Министрлігі
Сорбұлақ су қоймасы маңында 25 шілдеде жоғалып кеткен EC-145 әскери тікұшағын іздестіру жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Іздеу операциясына шамамен 400 адам, 70-тен астам техника, дрондар, эхолоттар, суасты сканерлері мен қызметтік иттер жұмылдырылған.

«Су қоймасының акваториясы мен жағалау аумағы, оның ішінде терең әрі қолжетімділігі төмен жерлер кешенді түрде тексеріліп жатыр. Іздеу жұмыстары күндіз-түні үздіксіз жүргізілуде. Жоғалғандардың жақын туыстарымен тұрақты түрде жеке жұмыс ұйымдастырылған», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Іздеуді күрделендіріп тұрған басты факторлар: су асты бедерлерінің күрделілігі, тұнба қабатының қалыңдығы және көру мүмкіндігінің нөлге тең болуы. Операцияны оқиға орнында Әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Асқар Избасов басқарып отыр.

Іздестіру жұмыстары нақты нәтижеге жеткенге дейін жалғаспақ. 

 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар