жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Карталкая курортындағы қонақүй өрті: Түркияда 11 адам өмір бойына сотталды

Карталкая курортындағы қонақүй өрті: Түркияда 11 адам өмір бойына сотталды
Pixabay.com
Сот Grand Kartal қонақүйінде болған өрт ісін қарады

Түркияда Карталкая тау-шаңғы курортындағы қонақүй өртіне қатысты сот процесі аяқталып, 11 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сот Grand Kartal қонақүйінде болған алапат өрт ісін қарады. Қаңтар айындағы трагедия кезінде 78 адам, оның ішінде 34 бала қаза тапқан еді. Haberler агенттігінің хабарлауынша, өмір бойғы жаза қонақүй иесі Халит Эргюльге, сондай-ақ бірнеше жоғары лауазымды тұлғаға тағайындалды.

Барлығы 32 адам сот алдында жауап берді — олардың қатарында қонақүй басшылығы мен муниципалитет өкілдері болды. Өмірлік жаза алғандар арасында Болу әкімінің орынбасары Седат Гюленер, өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары Кенан Джошкун және өрт сөндіруші Ирфан Ачар бар.

Қалған айыпталушылар 12 жылдан 22 жылға дейінгі түрме жазасына кесілді. Ал тек үшеуі — ас үйдің екі қызметкері мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі маман — ақталып шықты.

Үкім жарияланған күні сот маңында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, көшелер уақытша жабылды.

Қайғылы оқиға 21 қаңтарда орын алған. Сол түні қонақүйде 234 адам болған. Өрт кезінде көптеген адамдар аман қалу үшін терезеден секіріп, төсек жаймаларын арқан етіп төмен ттүскен. Сол оқиғадан 137 адам жараланып, 78 адам қаза тапқан болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар