жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концерті алдында тұрғындарға үндеу жасады

Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концерті алдында тұрғындарға үндеу жасады
instagram.com/kair_n
Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концерті қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Орталық стадионда өтетін концерт кезінде тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті күшейтеді. Полиция департаментінің мәліметінше, концертке келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша күштер жұмылдырылады.

Көлік қозғалысын реттеу үшін Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылыстарында қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомство өкілдері атап өткендей, барлық шаралар концертке қатысушыларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін қабылданған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар