жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ТОП-10 ел: 2025 жылы әлемдегі ең танымал бағыттар аталды

ТОП-10 ел: 2025 жылы әлемдегі ең танымал бағыттар аталды
Pixabay.com
Инстаграмға лайық көріністер мен ерекше әсерге толы сапар қазір басты құндылыққа айналған.

Адамдар биыл қай жаққа көбірек сапар шегіп жүр деп ойлайсыз ба? Соңғы трендтерге қарасақ, саяхатшылар бұрынғыдай стандартты курорттарды емес, жасырын жатқан ғажайып жерлерді, өзгеше тәжірибе сыйлайтын бағыттарды іздей бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Skyscanner дерегіне сүйенсек, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әуе рейстерін іздеу нәтижесінде әлем бойынша саяхатшылардың назарын жаулап алған 10 бағыт анықталды.

Shillong, Үндістан (+828%)

“Шығыстың Шотландиясы” атанған Shillong – Үндістанның солтүстік-шығысында орналасқан көрікті аймақ. Жасыл таулары, сарқырамалары мен мөлдір көлдері әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. Ең танымал көріністердің бірі – Нохкаликай сарқырамасы, Үндістандағы ең биік құламалы сарқырама (340 м). Сондай-ақ, жақын маңдағы Черапунджи өңірі – әлемдегі ең ылғалды аймақтардың бірі. Табиғаты мен экотуризмді қолдауға бағытталған мемлекеттік бастамалар Shillong-ды табиғат сүйерлер үшін №1 орынға айналдырды.

Баку, Әзербайжан (+744%)

Екінші орында – Баку. Қала Еуропа стилі мен шығыс мәдениеті тоғысқан ерекше бағытқа айналып келеді. Мұндағы басты артықшылық – қолжетімді бағалар. Заманауи сәулет, тарихи орындар, қарбалас түнгі өмір – барлығы саяхатшыларға ыңғайлы әрі қолжетімді.

Langkawi, Малайзия (+433%)

Үшінші орында – Малайзиядағы Лангкави аралы. Ақшадай аппақ жағажайлар, тропикалық ормандар мен таза суы туристерді тартады. Бұған қоса, Үндістан азаматтарына визасыз кіру мүмкіндігі және қысқа әуе жолы бұл жердің танымалдығын арттырып отыр.

Tromsø, Норвегия (+251%)

Төртінші орында – Норвегиядағы Тромсё. Бұл жер солтүстік шұғыласын көруге арналған әлемдегі ең үздік орындардың бірі саналады. Саяхатшылар мұнда фьордтарға серуен жасап, Арктикалық жануарларды тамашалап, саам халқының мәдениетімен таныса алады.

Ташкент, Өзбекстан (+158%)

Бесінші орында – Ташкент. Бұл қала тарих, сәулет және шығыс базарларын арзан бағамен көруге мүмкіндік береді. Қолжетімді бағалар мен тиімді айырбас бағамы Өзбекстан астанасының тартымдылығын одан әрі арттыруда.

Al-Ula, Сауд Арабиясы (+133%)

Жетінші орында – Аль-Ула. Бұл аймақ археологияны, шытырманға толы сапарларды және мәдени шараларды сүйетіндер үшін таптырмас орын. Ежелгі қабірлер, жұлдызды аспан астындағы демалыс, өнер көрмелері мен музыка фестивальдері – барлығы да туристерді қызықтырады.

Коломбо, Шри-Ланка (+120%)

Сегізінші орында – Коломбо. Соңғы жылдары визасыз режим, жаңа әуе бағыттары және жақын орналасуы бұл қаланың танымалдығын арттырды. Мұнда заманауи ғимараттар, жағажайлар мен жергілікті мәдениет үйлесім тапқан.

Эр-Рияд, Сауд Арабиясы (+116%)

Тоғызыншы орында – Эр-Рияд. Қала бүгінде қарқынды дамып, әлемдік туризм картасында өзіндік орынға ие болуда. Жаңа әуе бағыттары, мәдени іс-шаралар, сәнді қонақүйлер мен заманауи инфрақұрылым – барлығы саяхатшыларға тартымды.

Краби, Таиланд (+106%)

Оныншы орында – Краби. Тропикалық табиғаты, визасыз кіру, шытырман спорт түрлері мен түні бойы қызыққа толы өмір салты бұл жерді жастардың сүйікті бағытына айналдырған. Лао Ладинг сияқты аралдары сүңгу, сноркелинг және орман саяхаттарына мүмкіндік береді.

Токио, Жапония (+87%)

Тізімді аяқтап тұрған – Токио. Электронды виза жүйесі, мәдениеті, тікелей әуе қатынасы бұл қаланы саяхатшылар үшін қолжетімді етті. Сакура маусымы, аниме әлемі, дәстүрлі ғибадатханалар мен заманауи технология – барлығы туристерді қайта-қайта келуге шақырады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар