Демалыс күндері Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық болады
- авторБақытжан Бекболат
- 22 тамыз, 2025
- 697
23–25 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріліп, аптап ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, батыста күндіз +35…+38 градусқа дейін ысиды. Солтүстікте +25…+30 шамасында болады. Республиканың орталығында +22…+32 градус, кей жерлерде +35-ке дейін жетуі мүмкін.
"Маусымның басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр болжанады. Маусым соңына қарай республика аумағына батыс антициклон ығысып, сонымен байланысты жауын-шашынның уақытша тоқтауы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда – тұман болжанады.
Батыста қатты ыстық 35-38 градус күтіледі, 24-25 тамызда солтүстік-батыста қатты ыстық 35 градус болады. Көптеген облыстарда ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: солтүстік өңірлерде 25-30 градусқа дейін, Қазақстанның орталығында 22-32 градусқа дейін, кей жерлерде қатты ыстық 35 градусқа дейін, оңтүстікте 30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі. Тек шығыс Қазақстанда температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді" , - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.






