жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жер сілкінісінің әсері": Камчаткада жанартау оянды

"Жер сілкінісінің әсері": Камчаткада жанартау оянды
Фото: ТАСС
Қазір аумақта белгілі бір мөлшерде жанартау күлі бар бу және газ белсенділігі жүріп жатыр

 Камчаткадағы Ключевский жанартауы оянып, одан 7,2 шақырым биікке күл-тозаң ұшты, деп хабарлайды 

ТАСС жазғандай, ақпаратты Ресей ғылым академиясы Жанартау және топырақтану институтының Камчатка жанартауының атқылауына қарсы әрекет ету тобы хабарлады.

— Вулкандық бұлт 7,2 шақырым биіктікке дейін жетті. Күл шоғыры жанартаудан 57 шақырымға созылды, — дейді ғалымдар.

Олар Ключевскийге қызғылт-сары авиациялық қауіптілік коды берілгенін айтты. Қазір аумақта белгілі бір мөлшерде жанартау күлі бар бу және газ белсенділігі жүріп жатыр. Бұл төмен ұшатын ұшақтарға әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ күлдің ұшу биіктігі 10 шақырымға дейін жету қаупі бар.

Ключевский жанартауы — Еуразиядағы ең белсенді жанартау. Бұл диаметрі шамамен 700 метр болатын шың кратері (шұңқыр - ред.) бар конус. Жанартаудың баурайында 80-ге жуық қайталама жарылыс шұңқырлары мен шлак конустары бар.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар