жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл басынан бері 600 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 600 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды
Pixabay.com
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылғы 1 қазанға дейін елімізде еңбек нарығын қолдау және халықты жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін 607,3 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олардың ішінде 269,1 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, 153,6 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты. Соның ішінде:

12,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарында,

21,5 мың жас жастар практикасы арқылы,

96,6 мың азамат қоғамдық жұмыстарда,

17 мың адам «Күміс жас» жобасы аясында,

5,6 мың түлек «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша еңбекке тартылды.

Сонымен қатар, 241 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы арқылы жұмысқа орналасты.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 53 мың жұмыссыз онлайн оқуға қатысып, оның 49,1 мыңы оқуды сәтті аяқтады. Ал кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 45,6 мың адам оқудан өтіп, 25,9 мың адам сертификат алды.

Жұмыс берушілердің өтініші негізінде 8 075 адам кәсіптік оқуға жіберілсе, оның 2 541-і оқуын аяқтап, 1 065 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, 304,3 мың азамат кәсіптік бағдарлау орталықтарынан кеңес алған.

Азаматтардың нақты жұмысқа орналасқаны міндетті зейнетақы жарналарының түсуі арқылы расталып отыр. Жалпы 607,3 мың адамның ішінде:

жұмыспен қамту шаралары арқылы – 153,6 мың адам,

Электрондық еңбек биржасы арқылы – 142 мың адам,

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бастамасы аясында – 283 мың адам,

орталық мемлекеттік органдардың жобалары арқылы – 28,7 мың адам жұмыспен қамтылған.

Министрліктің дерегінше, биыл халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін, яғни 1,57 млн теңгеге дейінгі гранттар қарастырылған. 2025 жылғы 1 қазанға дейін республика бойынша 8 964 грант берілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар