жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға арналған жағымды жаңалықпен бөлісті

Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға арналған жағымды жаңалықпен бөлісті
Фото: akorda.kz
Енді педагогтерге жұмыста күйзеліске түспеуге көмек көрсетіледі

2025 жылғы 29 қазанда ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға арналған жағымды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеті ашылды.

"ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің тұрақты кәсіби дамуына, менталдық саулығына қамқорлық жасауға бағытталған маңызды бастаманы іске қосты. Түркістан және Ақтөбе облыстарының орталық филиалдарында алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеті ашылды",- делінген ақпаратта.

Министрлік атап өткендей, пилоттық жоба мұғалімдердің менталдық денсаулығын қолдауға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және стрессті басқаруға мүмкіндік береді.

"Кабинетте кәсіби психолог жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын ұйымдастырады, түрлі тренингтер мен психологиялық диагностика жүргізеді. Бұл қызметтерді педагогтер "Өрлеу" орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде пайдалана алады. Жұмыс барысында этикалық нормалар, еріктілік және құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады. Алдағы уақытта осындай кабинетті еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр".ҚР Оқу ағарту министрлігі

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар