жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарапшылар Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы цифрлық реформаларын жоғары бағалады

Сарапшылар Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы цифрлық реформаларын жоғары бағалады
istockphoto.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын оң бағалап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атап айтқанда, халықаралық кеңесші Мехмет Эрдогду еліміз су шаруашылығы саласын дамытуда дұрыс бағыт таңдаған деп санайды.

«Қазақстан цифрлық технологияларды енгізуде дұрыс бағытта келе жатыр. Әсіресе, ирригация және суару жүйелерін басқару саласында. Цифрландыру үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге және шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар суды тиімді әрі үнемді пайдалануға жол ашады», – деді Мехмет Эрдогду.

Ал Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) ғылыми қызметкері Акмаль Акрамхановтың айтуынша, Қазақстан қабылдап жатқан шешімдер елдегі су шаруашылығының одан әрі дамуына жол ашады.

«Қазақстан су шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Маңызды шешімдер қабылданып, бұл бағыттағы тиімді қызметтің негізі қаланды. Цифрландыру үлкен аумақтарды қамтуға, сапалы мониторинг пен өлшеу жүргізуге, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді», – деді ICARDA ғылыми қызметкері Акмаль Акрамханов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар