«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 711 жоба қаржыландырылып, мыңдаған жұмыс орны құрылды
Облыста «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен 5,1 миллиард теңгеге 711 жоба несиелендірілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға – 240 жоба, жылыжай кешендерін салу бағытында – 33 жоба, ал басқа да бизнес бастамалар бойынша 438 жобаға қолдау көрсетілді.






