сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 16:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында МӘМС заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Ашық есік күндері өтуде

Жамбыл облысында МӘМС заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Ашық есік күндері өтуде
Фото - ашық дереккөз
Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған Ашық есік күндері өткізіліп жатыр.

 Арнайы құрылған жұмыс тобы өңір тұрғындары және медицина саласы қызметкерлерімен кездесіп, жаңартылған нормалардың мазмұнын егжей-тегжейлі тарқатуда.

Тараз қаласындағы “Almaz Medical Group” емханасында өткен кезекті кездесуде медициналық ұйым қызметкерлеріне МӘМС туралы заңға енгізілген түзетулердің мәні мен олардың практикалық маңызы түсіндірілді

Шараның негізгі мақсаты – жүйедегі жаңашылдықтарды жеткізу, медициналық қызмет көрсету тетіктерін біріздендіру және сала мамандарының ақпараттық дайындығын күшейту.

Кездесу барысында денсаулық сақтау қызметінің маңызды бағыттарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде:

* пациенттердің құқықтарын қорғау тетіктері;
* әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізбесі;
* ТМККК және МӘМС аясында көрсетілетін қызметтердің көлемі;
* жоспарлы медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі;
* емханалардың тұрғындарды дер кезінде хабардар ету міндеттері;
* сақтандырылған мәртебені жедел тексеру және қалпына келтіру жолдары.

Дәрігерлер мен сарапшылардың айтуынша, мұндай кездесулер халықтың жаңа талаптарды дұрыс түсінуіне және медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік береді. Ашық есік форматындағы ақпараттық жұмыстар облыс көлемінде жалғаса бермек.       

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар