сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 15:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда Тәуелсіздік күніне орай Ашық есік күні өтті

Таразда Тәуелсіздік күніне орай Ашық есік күні өтті
Фото - ашық дереккөз
Ашық есік күні тұрғындар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.

Тараз қаласындағы №5 қалалық емханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ұлт денсаулығы – ел болашағы!» тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер және бейінді мамандар — эндокринолог, кардиолог, невропатолог, педиатр қатысты.

Ашық есік күні аясында тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өзекті өзгерістер түсіндіріліп, медициналық қызметтер пакеттері бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қазіргі таңда онкологиялық скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакетіне енгізілген, сондықтан сақтандырылмаған азаматтар да дер кезінде тексеруден өте алады. Ал 2026 жылдан бастап D және E санаттарына жататын азаматтар үшін медициналық қызметтердің төлемін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Сонымен қатар бірқатар медициналық қызметтер ТМККК пакетінен МӘМС пакетіне ауыстырылады.

Іс-шара барысында келушілер мамандардың қабылдауынан өтіп, қан қысымын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеруге мүмкіндік алды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар