жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап: Ұлттық тауарлар каталогын қолдану міндеттеледі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап: Ұлттық тауарлар каталогын қолдану міндеттеледі
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді

Биыл заң нормалары қабылданып, классификаторды жүргізу тәртібі белгіленді. Қазір каталог пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Жобаға Anvar, Small, Magnum сияқты ірі сауда дүкендері қосылды. Жүйеге 100 мыңнан астам тауар атауы қосымша енгізілді. Енді чектегі барлық тауарлардың NTIN арнайы коды көрсетіледі. NTIN коды халықаралық GTIN  (13 таңбалы тауар коды) кодына ұқсас», -  деді спикер баспасөз конференциясы барысында.  

Оның айтуынша, тауарға берілген код арқылы оның барлық циклін – зауыттан шыққанын, қайда жіберілгенін көруге болады. Бұл көлеңкелі сауданы, сапасыз өнім шығаруды болдырмауға және әділ бәсеке орнатуға мүмкіндік береді.   Ұлттық тауарлар каталогына тауар айналымына қатысушылар қосыла алады. Жоба аясында жаппай қосылуға арналған оқу материалдары, нұсқаулар мен интерфейстер дайындалады.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар