жұма, 13 наурыз, 2026 18:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ мұнай бағасын тұрақтандыру үшін стратегиялық қордан 172 млн баррель мұнай шығарады

АҚШ мұнай бағасын тұрақтандыру үшін стратегиялық қордан 172 млн баррель мұнай шығарады
Pixabay.com
Бағаның көтерілуіне Иранға жасалған әуе соққылары әсер еткен.

АҚШ Энергетика министрлігі мұнай бағасының өсуіне байланысты стратегиялық қордан 172 млн баррель мұнайды нарыққа шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Silk Way телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бағаның көтерілуіне Иранға жасалған әуе соққылары әсер еткен.

Министрліктің мәліметінше, бұл мұнайды жеткізу шамамен 120 күнге созылады. Қазіргі уақытта АҚШ-тың стратегиялық қорында шамамен 415 млн баррель мұнай сақтаулы.

Бұл шара халықаралық деңгейде жүзеге асырылады. Халықаралық энергетикалық агенттікке мүше 32 ел АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұсынысын қолдап, мұнай бағасын төмендету үшін жалпы 400 млн баррель мұнай мен мұнай өнімдерін өз резервтерінен шығаруға келіскен.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар