жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жаңа эпидемиялық маусымға дайындық: маска, вакцинация және қашықтан оқыту тәртібі енгізіледі

Қазақстанда жаңа эпидемиялық маусымға дайындық: маска, вакцинация және қашықтан оқыту тәртібі енгізіледі
Pixabay.com
Құжатқа сәйкес, биылғы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы екпе жүргізіледі.

Қазақстанда 2025–2026 жылдардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ), тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусымға дайындық басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер арнайы қаулыға қол қойып, халық денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды бекітті.

Құжатқа сәйкес, биылғы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы екпе жүргізіледі. Денсаулық сақтау ұйымдары екпе алуға арналған дайындық жұмыстарын аяқтап, халықтың осал топтарына вакцина салуды бастап кетуі тиіс.

Медициналық ұйымдардағы сақтық шаралары

Барлық ауруханалар мен емханалардың кіреберісінде арнайы сүзгілер орнатылады, ал ғимарат ішінде келушілердің маска тағуы және антисептиктерді пайдалануы міндетті болмақ. Сонымен қатар, ЖРВИ, тұмау және коронавирус белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға дәрігерлердің үйге барған кезде бірінші кезекте қызмет көрсетуі қарастырылған.

Балабақшалар мен мектептердегі талаптар

Эпидемиялық маусым кезеңінде білім беру ұйымдарында да ерекше санитариялық талаптар қолданылады.

Балабақшаларда күн сайын таңертеңгі сүзгі жүргізіліп, ауру белгілері байқалған балалардың қатысуына жол берілмейді.

Мектептерде жағдайға қарай арнайы тәртіп енгізіледі:

егер бір сыныпта оқушылардың 20–30%-ы ЖРВИ жұқтырса, онда кабинеттен-кабинетке көшу жүйесі уақытша тоқтатылады және 10 күн ішінде жаңа оқушыларды қабылдауға тыйым салынады;

егер 30% және одан да көп оқушы ауырса, сынып толықтай онлайн оқытуға көшіріледі.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар