Елімізде
Президент Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісін қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 тамыз, 2025
- 420
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасайтын алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды.
Президент еліміздің Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге баса мән беретінін атап өтті.






