Қазақ тілін дамыту - баршамыздың ортақ міндетіміз
- авторБақытжан Бекболат
- 13 қазан, 2025
- 291
Бүгінгі таңда елімізде тіл саясатын дамытуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік органдарда іс жүргізуді қазақ тілінде жүргізу, ресми құжат айналымын жетілдіру, сот және өзге де құқық қолдану салаларында мемлекеттік тілді қолдану деңгейін арттыру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Қазақ тілін дамыту тек мемлекеттік саясаттың басымдығы ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әрбір азаматтың саналы таңдауы болуы қажет. Себебі тіл – ұлттың рухы мен болмысы, елдің абыройы мен айбыны.
Мемлекеттік тілдің беделін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі контент көлемінің көбеюі, ресми жиындар мен қоғамдық іс-шараларда мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы – оның мәртебесін нақты іспен айқындап отыр.
Қазақ тілін дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір азамат өз саласында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге үлес қосса, тілдің де, елдің де болашағы жарқын болмақ.
Айнур Сатаева
Жамбыл облысының
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас маман - сот отырысының хатшысы






