жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында үшем дүниеге келді
instagram.com/sauran_audandyk_emhanasy
Бұл туралы Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық емханасы мәлімдеді.

Түркістан облысы, Сауран ауданының Қоскөрген ауылында ерекше оқиға орын алды. Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

38 жастағы Махру Каримова 20 қыркүйек күні екі қыз және бір ұлды өмірге әкелді. Бұл – оның алтыншы, жетінші және сегізінші балалары. Үшемдер жүктіліктің 35 аптасында, жоспарлы түрде кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.

Сәбилердің салмағы — 1940, 2000 және 2100 грамм. Бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы, бүгінде үйге шығарылды.

Қуанышты ата-ана балаларына Сафия, Амир және Хадия деген есімдер қойды.

Сауран аудандық емханасының өкілдері Исрайловтар отбасына арнайы барып, сәбилердің денсаулығын тексеріп, құттықтау тілегін жеткізді. Қазір ана мен үшемдер дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар