жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бұдан былай 500 мың теңгеден астам ақша аудару үшін ЖСН жазу талап етіледі

Бұдан былай 500 мың теңгеден астам ақша аудару үшін ЖСН жазу талап етіледі
Canva
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында мәлім етті.

Елімізде қаржылық операциялардың ашықтығын күшейтіп, алаяқтық пен көлеңкелі аударымдардың алдын алу мақсатында жаңа ережелер енгізілмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, енді өзгенің банктік картасына 500 мың теңгеден жоғары сома аударған азамат міндетті түрде өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуі тиіс болады. Бұған дейін мұндай талап тек қаражат алушыға қатысты еді. Сондай-ақ ірі сомадағы аударымдарды растау енді мобильді қосымша немесе SMS арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Қайрат Бижанов атап өткендей, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтардағы бейнежазбаларды кем дегенде 180 күн сақтауға міндеттеледі. Бұл қадам күмәнді және заңсыз операцияларға қатысы бар адамдарды тез анықтауға көмектеседі.

«Қазіргі таңда клиенттерді биометриялық деректер арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізу де қарастырылуда. Бұл бет-әлпетті тану немесе саусақ ізі арқылы тексеруді қамтиды. Мұндай шаралар анонимді ақша аударымдарының жолын кесіп, қаржы жүйесін заңсыз мақсатта пайдалануға қарсы қосымша тосқауыл болады», – деді агенттік өкілі.

Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа сын-қатерлер туралы да айтты. 

Атап айтқанда, жазылушылар аудиториясы кең отандық блогерлер оңай ақша іздеп, онлайн-құмар ойындарды белсенді түрде жарнамалап, оған азаматтарды тартуда.

«Осындай 37 адам анықталып, 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі бұл қадамға білместікпен емес, жиі-жиі заң бұзуға мақсатты түрде барады. Құмар ойындарды жарнамалауға қатысты тікелей жауапкершіліктің болмауы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты біз қаржы пирамидасына ұқсас онлайн-казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», - деп атап өтті Қайрат Бижанов.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар