Жамбыл облысында тәртіп сақшылары 7 келіден астам есірткі тәркіледі
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қазан, 2025
- 338
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның №5514 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел ақпаратты іске асыру барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аула аумағын қарау кезінде бақшадан жалпы салмағы 7 келі 520 грамм болатын 46 түп қарасора табылды. Сонымен қатар, шаруашылық сарайдан салмағы 376 грамм кептірілген марихуана салынған пакет анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді.
- Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 300-бабы 3-бөлігі 2-тармағы — есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аймақта есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру деректерін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасуда, - делінген ПД хабарламасында.






